Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2019 № 1069 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрі
________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 1 сәуір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 225 бұйрығымен бекітілген |
"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі"
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, оқу орындарының қызметкерлері мен бітірушілерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер, анықтамалар және қысқартулар қолданылады:
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;
біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі мен дербестігі бойынша сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиынтығы;
еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесінің міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың жиынтығы;
кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы тиісті құжаттармен куәландырылатын белгілі бір білімді, білікті және практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;
салалық біліктілік шеңберлері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
БТБА – ҚР жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
ГТҚҚ – газ-түтіннен қорғау қызметі;
ТЖ – төтенше жағдай;
ТОЖҚҚ – тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары.
2. Кәсіби стандарт паспорты
3. Кәсіби стандарт атауы: "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі".
4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Кәсіптерге қойлатын біліктілік талаптарын белгілеу.
5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызмет саласындағы талаптарды, мазмұнына, сапасына, қызметшілердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
6. Негізгі топ: төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою қызметін, сондай-ақ адамдарды құтқару мен эвакуациялауды жүзеге асыратын топ.
Кәсіби топ: өрттердің алдын алу және оларды сөндіруді жүзеге асыратын топ.
3. Кәсіптер карточкалары
7. Кәсіптер тізбесі:
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика баптаушысы – 3 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрттің алдын алу нұсқаушысы – 5 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрт сөндіруші – 3 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрт сөндіруші – құтқарушы – 5 - СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
өрт сөндіруші – нұсқаушы – 5 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандартқа қосымшада келтірілген.
"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартына қосымша |
"Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды | 7511, 7511 | ||
Кәсіп атауы | Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 3 | ||
БА бойынша біліктілік деңгейі | 4-5 | ||
Кәсіби білімінің деңгейі | Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы болған және оқыту курстарынан өткен кезде жалпы орта білім және/немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсіби даярлау мектептерінде және оқу пункттерінде арнайы бастапқы оқу. Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім. | ||
Еңбек функциялары | 1. ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету. | ||
2. ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, дұрыс техникалық пайдаланумен және арнайы жабдықтың тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету. | |||
3. Химиялық сіңіргіштер өнімінің сапасына қабылдау сынақтарын ұйымдастыру. | |||
4. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру. | |||
1-еңбек функциясы ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету. | Машық және дағдылар: 1. Жұмысқа қабілеттілік параметрлерін анықтау үшін бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеуін үйлестіреді. 2. Ауа және оттегі баллондарын толтырады. 3. Регенеративті патрондар жарақтарына, бақылау-өлшеу аспаптарына техникалық куәландыру жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысына қатысты нормативтік құжаттар. 2. Бақылау және өлшеу аспаптарының іс-қимыл қағидаты. 3. Ауа және оттегі баллондарын толтыру технологиясы. | |||
2-еңбек функциясы ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, дұрыс техникалық пайдаланумен және арнайы жабдықтың тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету. | Машық және дағдылар: 1. Тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарының техникалық жай-күйіне бақылау ұйымдастырады. 2. Бекітілген оқшаулағыш газқағарларды, оның қосалқы бөлшектерін есепке алу бойынша және оны жөндеу бойынша құжаттама жүргізеді. 3. Регенеративті патрондардың, оттегі және ауа баллондарының химиялық сіңіргіштеріне сынақтар жүргізеді. 4. Компрессорлық қондырғыларға профилактикалық қарау жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Газ түтіннен қорғау қызметі базаларының жұмысын регламенттейтін бұйрықтар, нормативтік және әдістемелік құжаттар. 2. Құрылғы, пайдалану қағидалары, газ түтіннен қорғау қызметінің оқшаулағыш газқағарларын күту, жөндеу және сақтау. | |||
3-еңбек функциясы Химиялық сіңіргіштер өнімдерінің сапасына қабылдау сынақтарын ұйымдастыру. | Машық және дағдылар: 1. Компрессорлық қондырғыларды пайдалануға дайындайды. | ||
Білімі: 1. Компрессорлық қондырғылармен және қысымды түтікшелермен жұмыс істеуді регламенттейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары. | |||
4-еңбек функциясы Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру. | Машық және дағдылар: 1. Сабақтар өткізу үшін техникалық құралдарды дайындайды. 2. Сабақтардың жүргізілуін бақылайды. | ||
Білімі 1. Газ түтіннен қорғаушылармен сабақтар өткізу әдістемесі. 2. ТОЖҚҚ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. | |||
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар | Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. Тіл табысқыштық. Аналитикалық талаптар. Басқару қабілеті. Бастамашылық және жауапкершілік. | ||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс | 5161 | Өрт сөндіруші | |
"Өрт сөндіруші" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды | 5161 | ||
Кәсіп атауы | Өрт сөндіруші | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 3 | ||
БА бойынша біліктілік деңгейі | 4-5 | ||
Кәсіби білімнің деңгейі | Жалпы орта білім және өрт қауіпсіздігі саласында арнайы даярлығы және мамандандырылған орталықтарда оқыту курстарынан өту және/немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсіби даярлау мектептерінде және оқу пункттерінде арнайы бастапқы оқу. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім. | ||
Еңбек функциялары | 1. Қол аспаптарын, өрт сөндіру техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғау киімін пайдалана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзала салдарын жою, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, конструкцияларды ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізеді. | ||
2. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді тексеруді жүргізеді. | |||
3. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын жұмысқа жарамды қалпында ұстайды, оның техникалық қызмет көрсетуін, сынағы мен арнайы дайындықты талап етпейтін ақауларын жоюды жүзеге асырады. | |||
4. Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жұмысқа жарамды қалпында ұстау жөніндегі жұмыстарды атқарады. | |||
1-еңбек функциясы Қол аспаптарын, өрт сөндіру техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғау киімін пайдалана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей апаттар салдарын жою, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, конструкцияларды ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізеді. | Машық және дағдылар: 1. Өрттің дәрежесіне сәйкес келетін өрт сөндіру бүріккіш құралдарының түрлерін анықтайды. 2. Өрт кезінде түтін, жоғары температура, өмірге қауіп төну жағдайларында зардап шеккендерді эвакуациялайды. 3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. 4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру немесе жауынгерлік есеп топтың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды. | ||
Білімі: 1. Түрлі объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы бойынша кәсіби даярлық процесінде алынған білімдер. 2. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету, адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып эвакуациялаудың қауіпсіз әдістерін білу. 3. Сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін тәлімдемелер, нұсқаулықтарды білу. 4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру бойынша білімі немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындау. | |||
2-еңбек функциясы Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ мен жұмыстағы басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдерін пысықтайды. 2. Елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен және сызбаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарларымен және карточкаларымен және күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған ТЖ жоюдың сценарийлерімен жұмыс істейді. 3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығулар жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Бөліністе бастапқы дайындық кезінде және жұмыс істеу барысында алған білімдер. 2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу. | |||
3-еңбек функциясы Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын жарамды қалпында ұстайды, оған техникалық қызмет көрсетуді, сынауды және арнайы даярлықты талап етпейтін ақаулықтарды жоюды жүзеге асырады. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, құрастыру, орнату бойынша жұмыс жүргізеді. 2. Арнайы дайындықты талап етпейтін дәнекерлеуші жабдықпен жұмыс істей білуі. 3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынақ жұмыстарын жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарының және арнайы қорғау киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты білу. 2. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын сынау жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтарды білу. | |||
4-еңбек функциясы Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен ғимараттарын қалыпты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды орындайды. | Машық және дағдылар: 1. Байланыс құралдары мен автоматты өрт сөндіру сигнализациясын жарамды қалыпта ұстайды. 2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істей білуі. | ||
Білімі: 1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимыл нұсқаулығын білу. 2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдар анықталған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу. | |||
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар | Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. Тіл табысқыштық. Аналитикалық талаптар. Басқару қабілеті. Бастамашылық және жауапкершілік. | ||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс | 7511 | Газ түтіннен қорғау қызметінің (бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы) шебер-баптаушысы | |
"Өрт сөндіруші құтқарушы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды | 5163, 5163 | ||
Кәсіп атауы | Өрт сөндіруші–құтқарушы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | ||
БА бойынша біліктілік деңгейі | 5 | ||
Кәсіби білімінің деңгейі | Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындық және оқыту курстары және/немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсіби даярлау мектептерінде және оқу пункттерінде арнайы бастапқы оқу, біліктілігін арттыру. Техникалық және кәсіби білім. | ||
Еңбек функциялары | 1 Өрт-техникалық жарақтарын қолдана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізу. | ||
2 Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау. | |||
3 Өрттердің, авариялардың салдарын болдырмау немесе азайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралар. | |||
1-еңбек функциясы Өрт-техникалық жарақтарын қолдана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды жүргізу. | Машық және дағдылар: 1. Өрттің сыныбына сәйкес келетін өрт сөндіру бүріккіш құралының түрін анықтайды. 2. Өрт кезінде түтін, жоғары температура, өмірге қауіп төну жағдайларында зардап шеккендерді эвакуациялауды жүргізеді. 3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. 4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрттерді сөндіреді немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды. | ||
Білімі: 1. Түрлі объектілердегі сөндіру тактикасы бойынша кәсіби даярлық процесінде алған білімдер. 2. Адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан дәрігерлік көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу. 3. Сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызметтердің жұмысын регламенттейтін тәлімдемелерді, нұсқаулықтарды білу. | |||
2-еңбек функциясы Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтау. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ және жұмыста басқа пәндер бойынша білімдерді практикалық қолдану тәсілдерін пысықтайды. 2. Елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен, сызбаларымен жұмыс істейді. 3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен жаттығулар жасайды. 4. Бөліністің шығу ауданын, күзетілетін объектілердің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің ерекшеліктерін, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін зерделейді. | ||
Білімі: 1. Бастапқы даярлық кезінде және бөліністе жұмыс істеу барысында алған білімдер. 2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу. | |||
3-еңбек функциясы Өрттердің, авариялардың салдарын болдырмау немесе азайту жөніндегі профилактикалық іс-шаралар. | Машық және дағдылар: 1. Қоршаған ортаның газданғанын және радиациялық қауіпсіздік деңгейіне талдау жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Бақыланатын параметрлердің рұқсат етілген және сыни көрсеткіштерін білу. | |||
4-еңбек функциясы Өрт-техникалық жарақтарына, авариялық-құтқару аспаптарына, жабдығына және жарақтарына, өрт сөндіру, байланыс, құлақтандыру құралдарына техникалық қызмет көрсету, жұмысқа жарамды қалпында ұстау, жұмыста пайдалану, радиациялық және химиялық барлау жүргізу, жеке қорғау, арнайы даярлықты талап етпейтін ақауларды жою. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, құрастыру, орнату бойынша жұмыс жүргізеді. 2. Арнайы дайындықты талап етпейтін дәнекерлеуші жабдықпен жұмыс істейді. 3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынақ жұмыс жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Өрт-техникалық жарақтарды және құтқару құралдары мен арнайы қорғау киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды білу. 2. Өрт-техникалық жарақтар мен құтқару құралдарын сынау бойынша нұсқаулықтар мен талаптарды білу. | |||
5-еңбек функциясы Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының (базасының) үй-жайлары мен ғимараттарын жұмысқа жарамды күйінде ұстау жөніндегі жұмыстар. | Машық және дағдылар: 1. Байланыс және автоматты өрт сигнализация құралдарын жарамды күйінде ұстайды. 2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істейді. | ||
Білімі: 1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарлама анықталған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимыл нұсқаулығын білу. 2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдарды анықтаған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу. | |||
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар | Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. Тіл табысқыштық. Аналитикалық талаптар. Басқару қабілеті. Бастамашылық және жауапкершілік. | ||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс | 3151 3151 | Өрттің алдын алу нұсқаушысы Өрттің сөндіруші нұсқаушы | |
"Өрт сөндіруші – нұсқаушы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды | 3151, 3151 | ||
Кәсіп атауы | Өрт сөндіруші – нұсқаушы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | ||
БА бойынша біліктілік деңгейі | Санатсыз, 1-санат, 2-санат | ||
Кәсіби білімінің деңгейі | Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындық және оқыту курстары және/немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсіби даярлау мектептерінде және оқу пункттерінде арнайы бастапқы оқу, біліктілігін арттыру. | ||
Еңбек функциялары | 1. Өрт автоматикасы мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінді жою жүйелерінің, өрт, авариялар немесе дүлей зілзалалар кезінде адамдарды құлақтандыру қондырғысының техникалық жай-күйін тексеру. | ||
2. Қол аспаптарын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғау киімін пайдалана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалар салдарын жою, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, конструкцияларды ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізеді. | |||
3. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өз өкілеттіктері шеңберінде өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрттер, авариялар туралы істер бойынша көмек көрсету. | |||
4. Теориялық және практикалық сабақтармен кейінгі кәсіби (жауынгерлік, арнайы) даярлықтан, қайта даярлаудан өту. | |||
5. Өрт-техникалық жарақтары және құтқару жабдықтарын жұмысқа жарамды қалпында ұстау. | |||
6. Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен ғимараттарын жарамды күйде ұстау бойынша жұмыстарды орындау. | |||
1-еңбек функциясы Өрт автоматикасы мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінді жою жүйелерінің, өрт, авариялар немесе дүлей зілзалалар кезінде адамдарды құлақтандыру қондырғысының техникалық жай-күйін тексеру. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-техникалық тексерістер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзушылықтарды анықтайды. 2. Өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын сақтау бойынша тексерістер, ұсынымдар нәтижелері бойынша құжаттар ресімдейді. 3. Өрт автоматикасы мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінді жою жүйелерінің, өрт, авариялар немесе дүлей зілзалалар кезінде адамдарды құлақтандыру қондырғысының техникалық жай-күйін тексереді. 4. Қызмет көрсетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдауды әзірлейді және кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар дайындайды. | ||
Білімі: 1. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметтерін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың талаптары. | |||
2-еңбек функциясы Қол аспаптарын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғау киімін пайдалана отырып, өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалар салдарын жою, адамдарды, материалдық бағалы заттарды эвакуациялау, конструкцияларды ашу және бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізу. | Машық және дағдылар: 1. Өрттің сыныбын, ғимараттың, құрылыстың конструктивті өрт қауіпсіздігі сыныбын, өрт немесе ТЖ ауқымын анықтайды. 2. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. 3. Өрттер немесе ТЖ кезінде адамдарды құтқару шараларын жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Түрлі объектілерді сөндіру тактикасы бойынша кәсіби даярлық процесінде алған білімдер. 2. Адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан дәрігерлік көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу. 3. Өртке қарсы қызмет жұмысын регламенттейтін сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, тәлімдемелер мен нұсқаулықтарды білу. | |||
3-еңбек функциясы Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу. | Машық және дағдылар: 1. Өрт жағдайында өрт қауіпсіздігі шараларына және іс-қимылдарға оқытады. | ||
Білімі: 1. Өрт қауіпсіздігі саласында сабақтар өткізудегі әдістемелік негіздерді білу. 2. Өрт сөндіргіш бүріккіш заттарды қолдану қағидалары мен ерекшеліктерін білу. 3. Электр жабдықтарын орнату ережелерін білу. 4. Өртке қарсы қызмет жұмысын регламенттейтін сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, тәлімдемелер мен нұсқаулықтарды білу. | |||
4-еңбек функциясы Теориялық және практикалық сабақтармен кейінгі кәсіби (жауынгерлік, арнайы) даярлықтан, қайта даярлаудан өтеді. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ және жұмыста басқа пәндер бойынша білімдерді практикада қолдану тәсілдерін пысықтайды. 2. Елді мекендердің, объектілердің сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен, сызбаларымен жұмыс істейді. | ||
Білімі: 1. Бастапқы дайындық кезінде және бөліністе жұмыс істеу барысында алған білімдер. 2. "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін, өртке қарсы қызметте қабылданған шартты графикалық белгілерді білу. | |||
5-еңбек функциясы Өрт-техникалық және құтқару жарақтары мен жабдықтарын жұмысқа жарамды қалпында ұстайды, оған техникалық қызмет көрсетуді, арнайы дайындықты талап етпейтін ақауларды сынауды және жоюды жүзеге асырады. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, құрастыру, орнату бойынша жұмыс жүргізеді. 2. Арнайы дайындықты талап етпейтін дәнекерлеуші жабдықпен жұмыс істейді. 3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынау жұмыстарын жүргізеді. | ||
Білімі: 1. Өрт-техникалық жарақтар мен құтқару жабдықтарын және арнайы қорғау киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты білу. 2. Өрт-техникалық жарақтар мен құтқару жабдықтарын сынау жөніндегі нұсқаулықтар мен талаптарды білу. | |||
6-еңбек функциясы Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен ғимараттарын жұмысқа жарамды күйінде ұстау бойынша жұмыстарды орындау. | Машық және дағдылар: 1. Байланыс құралдары мен автоматты өрт сигнализациясы құралдарын жарамды күйде ұстайды. 2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істейді. 3. 127 Вольт және одан да жоғары кернеулі электрожабдықпен жұмыс істейді. | ||
Білімі: 1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимылдар нұсқаулығын білу. 2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдар анықталған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу. | |||
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар | Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп. Тіл табысқыштық. Аналитикалық талаптар. Басқару қабілеті. Бастамашылық және жауапкершілік. | ||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс | 3151 5163 | Кәсіп атауы Өрттің алдын алу нұсқаушысы Өрт сөндіруші–құтқарушы | |
"Өрттің алдын алу нұсқаушысы" КӘСІБІНІҢ КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды | 3151, 3151 | ||
Кәсіп атауы | Өрттің алдын алу нұсқаушысы | ||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі | 5 | ||
БА бойынша біліктілік деңгейі | Санатсыз, 1-санат, 2-санат | ||
Кәсіби білімінің деңгейі | Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіби білім (өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындық және оқыту курстары және/немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсіби даярлау мектептерінде және оқу пункттерінде арнайы бастапқы оқыту). | ||
Еңбек функциялары | 1. Өрт сөндіру автоматикасы мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінді жою жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру. | ||
2. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу. | |||
1-еңбек функциясы Өрт сөндіру автоматикасы мен өрт сөндіру құралдарының, өртке қарсы сумен жабдықтау және түтінді жою жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру. | Машық және дағдылар: 1. Өрт-техникалық тексерістер жүргізу, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұзушылықтарды анықтау. 2. Өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын сақтау бойынша тексерістер, ұсынымдар нәтижелері бойынша құжаттама ресімдейді. 3. Қызмет көрсетілетін учаскелердегі, секторлардағы және объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізу және кемшіліктерді жою бойынша ақпараттар мен ұсынымдар дайындайды. 4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өз өкілеттіктері шеңберінде өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрттер, авариялар туралы істер бойынша көмек көрсетеді. | ||
Білімі: 1. Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, қаулылардың талаптары. | |||
2-еңбек функциясы Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар жүргізу. | Машық және дағдылар: 1. Өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт жағдайындағы іс-қимылдарға оқытады. 2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өз өкілеттіктері шеңберінде өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрттер, авариялар туралы істер бойынша көмек көрсетеді. | ||
Білімі 1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сабақтарды өткізуде әдістемелік негіздерді білу. 2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу | |||
Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар | Өзін-өзі ұйымдастыру. Тіл табысқыштық. Аналитикалық талаптар. Басқару қабілеті. Бастамашылық және жауапкершілік. | ||
СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланысы | 3151, 5163 | Өрт сөндіруші – нұсқаушы Өрт сөндіруші–құтқарушы | |
КС техникалық сипаттамасы | |||
Әзірледі | "TODAY" ЖК | ||
Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы | 1, 2015 жыл | ||
Шамамен қайта қарау күні | 2019 жыл |