Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 234 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19769 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17612 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 234 қаулысымен
бекітілді

Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, қаржы ұйымдарының және (немесе) қаржы саласында қызметті, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың (бұдан әрі – қатысушылар) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Ерекше реттеу режимі Заңның 13-3-бабының 2-тармағында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу үшін енгізіледі.

2-тарау. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою тәртібі

      3. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі және оның күші жойылады.

      Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты ерекше реттеу режимін енгізу уәкілетті орган Басқармасының шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган Басқармасының ерекше реттеу режимін енгізу немесе оның күшін жою туралы шешімі оны қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.

      Ерекше реттеу режимін енгізу немесе оның күшін жою туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      4. Ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызмет уәкілетті орган мен қатысушы арасында жасалатын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      5. Шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша айқындалады, бірақ Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.

      6. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың арнайы талаптары, қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарының шоғырлануымен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметімен байланысты қызметтің түрлері, шарттың қолданылу мерзімі, тұтынушылар саны, міндеттемелер көлемі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдары және уәкілетті органның көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режиміне қатысушыларға қолданылу шектерін уәкілетті орган әрбір қатысушыға қатысты жеке-жеке айқындайды.

      7. Ерекше реттеу режимінің:

      1) барлық қатысушылар ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;

      2) уәкілетті орган ерекше реттеу режиміне барлық қатысушылармен шарттарды біржақты тәртіппен бұзған кезде күші жойылады. Заңның 13-4-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шартты біржақты тәртіппен бұзады.

      Уәкілетті органның Заңның 13-4-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда төлем қызметтерімен байланысты қызметке қатысты шартты біржақты тәртіппен бұзуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      8. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің аяқталуына байланысты ерекше реттеу режимінің күші жойылған не оның қолданылуы тоқтатылған жағдайда шарттың қолданылуы тоқтатылады және қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметті тез арада тоқтатады.

      Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде қатысушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің тұтынушыларына ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметін тоқтататындығы туралы жазбаша хабарлайды және ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы тұтынушылармен жасасқан шарттардың (бұдан әрі – тұтынушылармен жасасқан шарт) талаптарында және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарында айқындалған тәртіппен және мерзімде өздерінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерін орындайды.

      Шарттың қолданылуын тоқтатқан кезде қатысушының тұтынушылармен жаңа шарттарды жасасуына, сондай-ақ тұтынушылармен қолданыстағы шарттарды ұзартуына немесе оларды өзгертуіне жол берілмейді.

3-тарау. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі

      9. Уәкілетті орган ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын қатысушының шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді сақтауына ай сайын мониторинг жүргізеді.

      10. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырған кезде:

      1) қызметті жүзеге асырғанға дейін тұтынушыға:

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысушы жүзеге асыратын қызмет;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысушының қызметті жүзеге асыруына байланысты тәуекелдер;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібі, оның құны (мөлшерлемелері, тарифтері), қатысушының ішкі қағидаларында айқындалған тұтынушымен шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

      қатысушының орналасқан жері, пошта және электрондық мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы хабарлайды;

      2) уәкілетті органнан тиісті ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушыларға енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімдері мен талаптарының өзгергені туралы хабарлайды;

      3) ай сайын, айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің аралық нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.

      11. Шарттың қолданылу мерзімі Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.

Об утверждении Правил введения и отмены особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 декабря 2019 года № 234. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2019 года № 19769.

      Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила введения и отмены особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования.

      2. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 224 "Об утверждении Правил введения и отмены особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17612, опубликовано 7 ноября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту методологии и регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 4 настоящего постановления.

      4. Департаменту внешних коммуникаций – пресс-службе Национального Банка Республики Казахстан обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 13 декабря 2019 года № 234

Правила введения и отмены особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила введения и отмены особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" (далее - Закон) и устанавливают порядок введения и отмены уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган) особого режима регулирования, осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования финансовыми организациями и (или) иными юридическими лицами, осуществляющими деятельность в финансовой сфере, деятельность, связанную с концентрацией финансовых ресурсов и (или) с платежными услугами (далее - участники).

      2. Особый режим регулирования вводится для достижения целей, определенных пунктом 2 статьи 13-3 Закона.

Глава 2. Порядок введения и отмены особого режима регулирования

      3. Особый режим регулирования вводится и отменяется решением Правления уполномоченного органа.

      Введение особого режима регулирования в отношении деятельности, связанной с платежными услугами, осуществляется решением Правления уполномоченного органа по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан.

      Решение Правления уполномоченного органа о введении особого режима регулирования или его отмене вступает в силу с даты его принятия.

      Информация о введении особого режима регулирования или его отмене размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      4. Деятельность в рамках особого режима регулирования осуществляется на основании договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования (далее - договор), заключаемого между уполномоченным органом и участником.

      5. Срок действия договора определяется по соглашению сторон, но не превышает срока, установленного пунктом 4 статьи 13-3 Закона.

      6. Специальные условия осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования, виды деятельности в финансовой сфере, деятельности, связанной с концентрацией финансовых ресурсов и (или) с платежными услугами, срок действия договора, количество потребителей, объем обязательств, пределы действия норм законов Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республики Казахстан", от 23 декабря 1995 года "Об ипотеке недвижимого имущества", от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности", от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг", от 6 июля 2004 года "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан", от 26 ноября 2012 года "О микрофинансовой деятельности", от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах", от 2 июля 2018 года "О валютном регулировании и валютном контроле" и нормативных правовых актов уполномоченного органа, принимаемых в соответствии с указанными законами, на участников особого режима регулирования, определяются уполномоченным органом в отношении каждого участника индивидуально.

      7. Особый режим регулирования отменяется:

      1) при прекращении всеми участниками осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования;

      2) при расторжении уполномоченным органом в одностороннем порядке договоров со всеми участниками особого режима регулирования. Уполномоченный орган расторгает договор в одностороннем порядке в случаях, предусмотренных пунктом 6 статьи 13-4 Закона.

      Расторжение уполномоченным органом договора в одностороннем порядке в случаях, предусмотренных пунктом 6 статьи 13-4 Закона, в отношении деятельности, связанной с платежными услугами, осуществляется по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан.

      8. При отмене особого режима регулирования, либо прекращении его действия в связи с истечением срока, на который он был введен, действие договора прекращается, и участник незамедлительно прекращает деятельность, осуществляемую в рамках особого режима регулирования.

      При прекращении действия договора участник в течение 5 (пяти) рабочих дней письменно уведомляет своих потребителей о прекращении деятельности в рамках особого режима регулирования, и исполняет обязательства перед своими потребителями в порядке и сроки, определенные условиями договоров об осуществлении деятельности, заключенных с потребителями в рамках особого режима регулирования (далее - договор с потребителем) и требованиями гражданского законодательства Республики Казахстан.

      При прекращении действия договора не допускается заключение участником новых договоров с потребителями, а также продление действующих договоров с потребителями или их изменение.

Глава 3. Порядок осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования

      9. Уполномоченный орган ежемесячно осуществляет мониторинг соблюдения участником, осуществляющим деятельность в рамках особого режима регулирования, обязательств, принятых в соответствии с договором.

      10. При осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования участник:

      1) до осуществления деятельности информирует потребителей о (об):

      деятельности, осуществляемой участником в рамках особого режима регулирования;

      рисках, сопутствующих осуществлению деятельности участника в рамках особого режима регулирования;

      условиях и порядке осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования, стоимости (ставках, тарифах), перечне документов, необходимых для заключения договора с потребителем, определенном внутренними правилами участника;

      месте нахождения, почтовом и электронном адресах, интернет-ресурсе и контактных телефонах участника;

      2) информирует потребителей об изменении сроков и условий введенного особого режима регулирования в течение 3 (трех) рабочих дней с даты получения соответствующей информации от уполномоченного органа;

      3) ежемесячно, не позднее 5 (пятого) рабочего дня месяца, представляет в уполномоченный орган информацию о промежуточных результатах осуществляемой деятельности в соответствии с условиями договора.

      11. Срок действия договора не превышает срока, установленного пунктом 4 статьи 13-3 Закона.