"Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының рәміздері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тараудың 2-тармағындағы "Астана" деген жазуы", "Астана" жазуының" деген сөздер "Nur-Sultan" деген жазуы", "Nur-Sultan" жазуының" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы | |
мәслихаты хатшысының м.а., | |
сессия төрағасы | Г. Қасенов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 382/49-VI шешіміне 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының рәміздерін сипаттау және пайдалану тәртібіне 1-қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 382/49-VI шешіміне 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының рәміздерін сипаттау және пайдалану тәртібіне 2-қосымша |