"Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының рәміздері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 382/49-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 1227 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының рәміздері туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіндегі "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тараудың 2-тармағындағы "Астана" деген жазуы", "Астана" жазуының" деген сөздер "Nur-Sultan" деген жазуы", "Nur-Sultan" жазуының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты хатшысының м.а.,
      сессия төрағасы Г. Қасенов

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 382/49-VI шешіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
елордасы – Нұр-Сұлтан
қаласының рәміздерін сипаттау
және пайдалану тәртібіне
1-қосымша



  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 382/49-VI шешіміне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
елордасы – Нұр-Сұлтан
қаласының рәміздерін сипаттау
және пайдалану тәртібіне
2-қосымша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады