Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздерінің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы N 109/16-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 537 болып енгізілді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 18.11.2022 № 266/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 18.11.2022 № 266/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 18.11.2022 № 266/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      2. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының осы шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының сессия төрағасы
С. Богатырев
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
В. Редкокашин

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2008 жылғы 5 маусымдағы
№ 109/16-IV шешімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі

      Ескерту. Сипаттама жаңа редакцияда – Астана қаласы мәслихатының 18.11.2022 № 266/34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

1-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері

      1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті "ASTA№A" деген жазуы бар. "ASTA№A" жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан.

      3. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасын пайдалану тәртібі

      4. Астана қаласының елтаңбасын дайындаған кезде осы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес бейнелеуі қамтамасыз етілуі тиіс.

      5. Астана қаласының елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының елтаңбасы басқа елтаңбалардан төмен емес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан жоғары емес етіліп орнатылады, елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) тақ санын бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың жұп сандарын орналастырған кезде, екеуден артық емес - орталықтың сол жағына орналасады.

      6. Астана қаласының елтаңбасын және басқа елтаңбаларды (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласы елтаңбасының көлемі кіші болмауға тиіс.

      7. Астана қаласы елтаңбасының бейнелері жұмыс кабинеттерде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында олардың иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады).

      8. Астана қаласының елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін.

      9. Астана қаласының елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдалануы мүмкін.

      10. Астана қаласының елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туын пайдалану тәртібі

      11. Астана туын шығару кезінде оның бейнесі 2-қосымшада айтылған Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасына және оларды пайдалану тәртібіне сәйкес келуі тиіс. Астана қаласының туын түрлі көлемдер мен түрлі материалдардан, сондай-ақ жалауша түрінде шығаруға жол беріледі.

      12. Тәртіп бұзыла дайындалған Астана қаласының туын мемлекеттік органдар ресми түрде, қаланы көркемдік ресімдеуде пайдалана алмайды, сондай-ақ Астана қаласының аумағында пайдаланылмайды.

      13. Астана қаласының туын және басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының туы басқа тулардан төмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туынан жоғары орналастырылмайды, ал жұп санмен орналастырған жағдайда тура ортаның (екіден аспайтын) сол жағында орналастырылады. Астана қаласының туы мен басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының туы көлемі бойынша кіші болмайды және басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

      14. Астана қаласының туы ұлттық, мемлекеттік және қалалық мереке күндері мемлекеттік органдардың және қаланың басқа да мекемелерінің ғимараттарында иелерінің қалауы бойынша ілінуі мүмкін.

      15. Астана қаласының туы ұлттық, мемлекеттік және қалалық мереке күндері ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардың ғимараттарында (ғимарат қасбеттерінде орналасқан тутұғырларда (мачталарда), тұрғын үйлерде ілінуі мүмкін.

      16. Астана қаласының туы Астана қаласының әкімдігі және мемлекеттік органдар, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар және азаматтар өткізетін ресми рәсімдерді және басқа салтанатты іс-шараларды өткізу уақытында көтерілуі (орнатылуы) мүмкін.

      17. Қаралы күні тутұғырда (мачтада) көтерілген Астана қаласының туы тутұғырдың (мачтаның) биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.

      18. Астана қаласының туы Астана қаласының құрметті атағына берілетін белгілерге және марапаттарға, елордамыздың мемлекеттік органдарында ерекше белгілерде бейнеленуі мүмкін.

      19. Астана қаласының туы (жалауша түрінде) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігінің сыртын ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасының
елордасы –
Астана қаласы рәміздерінің
сипаттамасы және оларды
пайдалану тәртібіне
1-қосымша



  Қазақстан Республикасының
елордасы –
Астана қаласы рәміздерінің
сипаттамасы және оларды
пайдалану тәртібіне
2-қосымша




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады