Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 30-жылдық бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күніне орай қосымша әлеуметтік көмек (2019 жылдың 15 ақпаны) Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Қ. Эбден |
Астана қаласы | |
маслихатының хатшысы | Ж. Нурпейісов |