Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 362/45-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 1212 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 30-жылдық бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күніне орай қосымша әлеуметтік көмек (2019 жылдың 15 ақпаны) Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы Қ. Эбден
      Астана қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады