"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірліскен Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № а-10/327 қаулысы және Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 6ВС-31-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Қызылсай ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі Киров ауылының құрамына енгізу.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ә.Баймағамбетов |