Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № А-11/571 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 6С-39-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7531 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірліскен Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № а-10/327 қаулысы және Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 6ВС-31-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Қызылсай ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі Киров ауылының құрамына енгізу.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады