Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.05.2022 № С-15/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6471 тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындауда:
16 реттік нөмірлі жол жаңа редакцияда баяндалсын:
"
16 | Тасшалқар ауылы | 7 |
".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г.Куртабиева |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі |