Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 наурызда № 6471 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № С-15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 06.05.2022 № С-15/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 маусымдағы № С-13/3 "Еңбекшілдер ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6019 тіркелген, 2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
И.Магерко
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С. Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданының
әкімі
А.Қиықов

      "27" ақпан 2018 жыл

  Біржан сал ауданы мәслихатының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ С-20/9 шешімімен
бекітілген

Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Біржан сал ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Біржан сал ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.


  Біржан сал ауданы мәслихатының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ С-20/9 шешімімен
бекітілген

Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 05.03.2020 № С-48/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/с

Біржан сал ауданының елді мекенінің атауы

Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Степняк қаласы

34

2

Пригорхоз ауылы

3

Заозерный ауылы

3

Заозерный ауылы

7

Ақсу ауылы

4

Ақсу ауылы

7

Аңғал батыр ауылдық округі

5

Аңғал батыр ауылы

7

6

Жаңалық ауылы

3

Баймырза ауылдық округі

7

Баймырза ауылы

7

8

Шошқалы ауылы

3

Бірсуат ауылдық округі

9

Бірсуат ауылы

7

10

Сәуле ауылы

5

Уәлихан ауылдық округі

11

Уәлихан ауылы

8

12

Алға ауылы

5

Донской ауылдық округі

13

Андықожа батыр ауылы

10

14

Тасшалқар ауылы

7

Заурал ауылдық округі

15

Заураловка ауылы

5

16

Құдықағаш ауылы

5

17

Яблоновка ауылы

3

Еңбекшілдер ауылдық округі

18

Еңбекшілдер ауылы

7

19

Ақбұлақ ауылы

3

20

Ақтас ауылы

5

Кеңащы ауылы

21

Кеңащы ауылы

5

Краснофлот ауылы

22

Краснофлот ауылы

7

Макинка ауылдық округі

23

Макинка ауылы

15

24

Бұланды ауылы

5

25

Қаратал ауылы

3

26

Қоғам ауылы

5

27

Мақпал ауылы

5

28

Қарағай ауылы

3

Мамай ауылы

29

Мамай ауылы

7

Үлгі ауылдық округі

30

Үлгі ауылы

7

31

Жөкей ауылы

3

32

Қызылұйым ауылы

3

33

Карловка ауылы

3

34

Трамбовка ауылы

3

35

Ұйымшыл ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады