Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Шауенов |
Біржан сал ауданы мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № С-15/4 шешіміне қосымша |
Біржан сал ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған, кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6471 болып тіркелген).
2. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 "Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 37/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7150 болып тіркелген).
3. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/9 "Біржан сал ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 5 наурыздағы № С-48/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729 болып тіркелген).