РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданының Степняк қаласы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6555 тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
кестенің 3-бағанында:
үшінші жолда (аймақ нөмірі II) "Невский ауылы" сөздері "Тасшалқар ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Тастанбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Шәуенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы |
Біржан сал ауданының әкімі |