Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/8 "Біржан сал ауданының Степняк қаласы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 маусымда № 7243 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы мәслихатының "Біржан сал ауданының Степняк қаласы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6555 тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 2-қосымшада:

      кестенің 3-бағанында:

      үшінші жолда (аймақ нөмірі II) "Невский ауылы" сөздері "Тасшалқар ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Тастанбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
      Біржан сал ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады