"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2019 жылғы 22 шілдедегі № а-7/162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 тіркелген, 2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Біржан сал ауданының әкімі | Е.Нугманов |