Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № а-7/162 "Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № а-12/335 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 7603 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2019 жылғы 22 шілдедегі № а-7/162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 тіркелген, 2019 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Е.Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады