Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 24.12.2019 № а-12/335 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Нұғыманов |
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "22" шілдедегі № а-7/162 қаулысымен бекітілген |
Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы | Орналасу орындары |
1 | Степняк қаласы | Біржан сал көшесі, мешіт ғимаратының жанында |
2 | Үлгі ауылы | Каримов көшесі, мешіт ғимаратының жанында |
3 | Мамай ауылы | Біржан сал көшесі, клуб ғимаратының жанында |
4 | Краснофлотское ауылы | Орталық көшесі, сыр қайнары ғимаратына іргелес аумақ |
5 | Бірсуат ауылы | Уәлиханов көшесі, монша ғимаратының жанында |
6 | Заураловка ауылы | Бәйтерек көшесі, № 21 және № 23 үйлердің арасындағы аумақ |
7 | Кенашы ауылы | Ақан сері көшесі, мектеп ғимаратының жанында |
8 | Еңбекшілдер ауылы | Орталық көшесі, клуб ғимаратының жанында |
9 | Аңғал батыр ауылы | Ақ қайын көшесі, клуб ғимаратының жанында |
10 | Андықожа батыр ауылы | Первомайская көшесі, кафе ғимаратының жанында |
11 | Уәлихан ауылы | Зеленая көшесі, мәдениет үйінің жанындағы алаңда |
12 | Баймырза ауылы | Сейфуллин көшесі, клуб ғимаратының жанында |
13 | Макинка ауылы | Республикалық маңызы бар Астана-Щучинск автожолының 182 шақырымы (сол жақ) |
14 | Макин ауылдық округі | Республикалық маңызы бар Астана-Щучинск автожолының 195 шақырымы |
15 | Заозерное ауылы | Шағын аудан көшесі, № 5 және № 6 үйлердің арасындағы аумақ |