Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5414 тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетіліген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;";
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.";
7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.";
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан (бір рет);
2) Жеңiс күнi – 9 мамыр (бір рет);
3) Қарттар күні – 1 қазан (бір рет);
4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).";
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы соғыс қимылдарынының қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;
ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;
барлық санаттағы мүгедектерге;
онкологиялық аурумен ауыратындарға;
туберкулез ауруларына;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
мекенжай әлеуметтік жәрдемақы алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;
18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;
аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті уәкілетті органдарымен белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне – 15 ақпан:
Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы соғыс қимылдарының қатысушыларына;
2) Жеңіс Күніне - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;
3) Қарттар күніне – 1 қазан:
ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;
4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне – қазанның екінші жексенбісі:
барлық санаттағы мүгедектерге;
5) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ішкі аудандық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда 100% мөлшерінде, ішкі аудандық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүруге шығындарды өтеу үшін (жан басына шаққандағы табысына байланыссыз ай сайын);";
6) азаматтарға өмірлік қиын жағдайы туындаған кезде, өтініш бойынша жан басына шаққандағы табысына байланыссыз:
ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің табиғи зілзаланы растайтын құжат негізінде немесе өрт туралы анықтаманын болған уақыттан бастап жыл ағымында, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);
оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын анықтама негізінде жылдық оқуының құны мөлшерінде оқуына (жылына бір рет);
Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқыту түрі бойынша ақы төлеу негізінде оқитын Сандықтау ауданында жылдық оқу құнының мөлшерінде жұмыс істеу шартымен, аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге. Төлем өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын және оқу орнынан анықтама, оқу орнымен жасасқан нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі (жылына бір рет);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш бойынша (бір рет);
пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);
7) өмірлік қиын жағдайға тап болған, осы кездегі табысы ең төмен күнкөріс көрсеткішінен төмен жан басына шаққандағы мекенжай әлеуметтік жәрдемақы алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (бір рет);
8) өмірлік қиын жағдайға тап болған, ең төмен күнкөріс көрсеткішінен төмен жан басына шыққандағы табыстағы азаматтарға, көп балалы отбасыларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (бір рет);
9) уәкілетті ұйымының тізімі және ауруын растайтын анықтама негізінде өтініш берусіз, туберкулезбен ауратын адамдарға, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (ай сайын).";
13 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті атқару органына немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.";
22 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.";
11 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Галюк |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
С.Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |