Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 маусымда № 5414 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 22.01.2021 № 2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса берілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ш.Докаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Исмағамбетов

      2016 жылғы 20 мамырдағы

  Сандықтау аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 3/4 шешімімен
бекітілген

Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Сандықтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның өтінішін қарау бойынша Сандықтау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 23.11.2016 № 8/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.11.2018 № 22/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Сандықтау ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан (бір рет);

      2) Жеңiс күнi – 9 мамыр (бір рет);

      3) Қарттар күні – 1 қазан (бір рет);

      4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы соғыс қимылдарынының қатысушыларына;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;

      ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      онкологиялық аурумен ауыратындарға;

      туберкулез ауруларына;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға);

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      көпбалалы отбасыларға;

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;

      аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік-әлсіз қабатынан шыққан студенттерге;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға;

      пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті уәкілетті органдарымен белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 42/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне – 15 ақпан:

      Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы соғыс қимылдарының қатысушыларына;

      2) Жеңіс Күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға;

      3) Қарттар күніне – 1 қазан:

      ең төмен зейнетақы көрсеткішінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      4) Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне – қазанның екінші жексенбісі:

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      5) тиісті оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқитын, кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға аудандық жолаушылар көлігінің (таксиден басқа) ішкі бағыттарында билеттің толық құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру, аудандық жолаушылар көлігінің бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде (ай сайын);

      көпбалалы отбасыларға аудандық жолаушылар көлігі ішіндегі бағыттарында жол жүру ақысын өтеу үшін, аудандық жолаушылар көлігі ішіндегі бағыттарында жол жүргенін растайтын құжаттарды ұсыну кезінде 100 пайыз мөлшерінде (ай сайын жан басына шаққандағы табысына байланыссыз);

      6) азаматтарға өмірлік қиын жағдайы туындаған кезде, өтініш бойынша жан басына шаққандағы табысына байланыссыз:

      ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға, операциядан кейін емделуіне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);

      онкологиялық стационардың жағдайында арнаулы емдеуден өтетін онкологиялық аурумен ауыратындарға Ақмола облысы диспансерінің анықтамасы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде (бір рет);

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің табиғи зілзаланы растайтын құжат негізінде немесе өрт туралы анықтаманын болған уақыттан бастап жыл ағымында, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын анықтама негізінде жылдық оқуының құны мөлшерінде оқуына (жылына бір рет);

      Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарының күндізгі оқыту түрі бойынша ақы төлеу негізінде оқитын Сандықтау ауданында жылдық оқу құнының мөлшерінде жұмыс істеу шартымен, аз қамтылған отбасылардан, көп балалы отбасылардан және халықтың әлеуметтік - әлсіз қабатынан шыққан студенттерге. Төлем өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санатын растайтын және оқу орнынан анықтама, оқу орнымен жасасқан нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы нотариалды куәландырылған келісім шарт көшірмесі негізінде жүргізіледі (жылына бір рет);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш бойынша (бір рет);

      пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасының негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бір рет);

      7) өмірлік қиын жағдайға тап болған, осы кездегі табысы ең төмен күнкөріс көрсеткішінен төмен жан басына шаққандағы мекенжай әлеуметтік жәрдемақы алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (бір рет);

      8) өмірлік қиын жағдайға тап болған, ең төмен күнкөріс көрсеткішінен төмен жан басына шыққандағы табыстағы азаматтарға, көп балалы отбасыларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (бір рет);

      9) уәкілетті ұйымының тізімі және ауруын растайтын анықтама негізінде өтініш берусіз, туберкулезбен ауратын адамдарға, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, (ай сайын).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 42/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Алынып тасталды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмейтін уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.11.2018 № 22/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзіннің немесе отбасы атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 42/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.     

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас

      тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидаларының 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 36/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Сандықтау ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) Сандықтау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады