Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 6569 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 37 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 37 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:

      ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерінәлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен.

      2. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ж. Мухамбетпаизова
      Облыстық мәслихаттың
хатшысы
С. Калдыгулова

  Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсанындағы № 490 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері

      1. Негiзгi ұғымдар:

      1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмысберушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;

      4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.

      2. Жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) жылдан кем емес мерзімге ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкер әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.

      Осы бес жылдық мезгiлде қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.

      3. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.

      4. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

      2) медицина және фармацевтика қызметкерiнiң өтiнiштерiн, олардың бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарын қабылдайды;

      3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;

      4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

      5. Уәкiлеттi органның жолдамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес жұмыс берушi қызметкермен еңбек шартын жасайды.

      6. Уәкiлеттi орган өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты қызметкердi ауылдық жердегi бiр медицина ұйымынан басқа ауылдық жердегi медициналық ұйымына ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.

      7. Еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган бұрын аударылған қаражатты қайтаруға шаралар қабылдайды.

      8. Еңбек қатынастары мерзімінен ерте бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару жұмыс беруші, қызметкер және уәкiлеттi орган арасында жасақталған шартта көзделеді.

      9. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығынан айырылған уақыттан бастап 10 күннен кешiктiрмей (жұмысшымен еңбек шартын бұзу) уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

      10. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк қолдау көрсету ретінде Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде қаржыландыруды iске асырады.

      11. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган iске асырады.

Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области

Решение маслихата Актюбинской области от 11 декабря 2019 года № 490. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 19 декабря 2019 года № 6569. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17 мая 2021 года № 37

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 17.05.2021 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить систему мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области:

      путем установления социальной поддержки в виде единовременной выплаты в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге медицинским и фармацевтическим работникам, направляемым для работы в сельскую местность.

      2. Определить порядок и размеры оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Актюбинской области за счет бюджетных средств, согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
областного маслихата
Ж. Мухамбетпаизова
      Секретарь областного
маслихата
С. Калдыгулова

  Приложение к решению областного маслихата от 11 декабря 2019 года № 490

Порядок и размеры оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Актюбинской области за счет бюджетных средств

      1. Основные понятия:

      1) уполномоченный орган по оказанию социальной поддержки (далее - уполномоченный орган) - государтсвенное учреждение "Управление здравоохранения Актюбинской области";

      2) работодатель - организация здравоохранения, финансируемая из соответствующего бюджета, заключившая трудовой договор с медицинским (фармацевтическим) работником;

      3) медицинские работники, направленные для работы в сельскую местность (далее - работники) - физические лица, имеющие профессиональное медицинское образование и осуществляющие медицинскую деятельность, направленные уполномоченным органом для работы в сельскую местность;

      4) фармацевтические работники, направленные для работы в сельскую местность (далее - работники) - физические лица, имеющие высшее фармацевтическое образование и осуществляющие фармацевтическую деятельность, направленные уполномоченным органом для работы в сельскую местность.

      2. Правом на получение социальной поддержки обладает работник, направленный для работы в сельскую местность сроком не менее 5 (пяти) лет после заключения трудового договора с работодателем.

      В этот пятилетний период не включается время нахождения работника в отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком, а также срок временной нетрудоспособности более двух месяцев, удостоверенный листом о временной нетрудоспособности.

      3. Оказание социальной поддержки работнику осуществляется за счет средств областного бюджета.

      4. Уполномоченный орган в целях кадрового обеспечения организаций здравоохранения:

      1) ежегодно проводит анализ спроса на медицинские и фармацевтические кадры по отдельным специальностям для сельской местности;

      2) принимает заявление от медицинских и фармацевтических работников и документы, подтверждающие их квалификацию;

      3) составляет список работников, нуждающихся в социальной поддержке;

      4) проводит разъяснительную работу по вопросам оказания социальной поддержки работникам, направляемым для работы в сельскую местность.

      5. По направлению уполномоченного органа работодатель заключает трудовой договор с работником в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан.

      6. В случае принятия уполномоченным органом решения о переводе работника в связи с производственной необходимостью из одной медицинской организации в другую, также расположенную в сельской местности, право на получение социальной поддержки за работником сохраняется.

      7. В случае досрочного расторжения трудового договора, уполномоченный орган принимает меры по возврату ранее перечисленных средств.

      8. Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений предусматривается в договоре заключенном между работодателем, работником и уполномоченным органом.

      9. Работодатель не позднее 10 дней с момента утраты работником права на получение социальной поддержки (в случае расторжение индивидуального трудового договора) обязан известить об этом уполномоченный орган.

      10. Уполномоченный орган осуществляет финансирование медицинских и фармацевтических работников в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области.

      11. Контроль за исполнением настоящего Порядка осуществляет уполномоченный орган.