Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген), Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген), Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,1 |
";
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,17 |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,35 |
";
қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,65 |
| Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,49 |
";
реттік нөмірі 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,75 |
15 | Машиналардан сату |
сауда орнының | 0,75 |
";
реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 22.11.2019 № 486 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрайымы |
А. Бекенова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |