Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 460 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 6313 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 116 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген), Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 "Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген), Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

      қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,1

      ";

      қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

0,17

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,35

      ";

      қазақ тіліндегі шешімнің, реттік нөмірі 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,65

 
10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,49

      ";

      реттік нөмірі 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,75

15

Машиналардан сату

сауда орнының
1 м2

0,75

      ";

      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 22.11.2019 № 486 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрайымы
А. Бекенова
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады