Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 15.12.2021 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша қазақ тілінде "пайда болу" сөздері "түзілу" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген), Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4275 тіркелген) қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.07.2019 № 460 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақта қазақ тілінде "қалдықтар" сөзі "қалдықтардың" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
И. Назарбаев |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 284 шешіміне қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.12.2015 № 397 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.07.2019 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); қазақ тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.12.2019 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); қазақ тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 22.12.2020 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
№ | Нысан атауы | Есептеу бірлігі | Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,01 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,3 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 0,94 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,5 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,76 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,17 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,35 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,28 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,65 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,49 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,11 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,75 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,75 |
16 | алынып тасталды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 25.07.2019 № 460 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | ||
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
20 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2074 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,57 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 7,55 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,66 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина - орын | 7,12 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,12 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,18 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,78 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2074 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,86 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,86 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,82 |
32 | Қаланың аумағында жаппай іс - шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,8 |
33 | Бау - бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,96 |