Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 10.04.2020 № 127 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Н. Алдияров |
Алға ауданының әкімдігінің 6 наурыз 2019 ж. № 100 қаулысымен бекітілді |
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/ |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | ||
қалалық жерде орналасқан | ||||
1 | "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Еркетай" Алға бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 320 | 18871 | 450 |
2 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 120 | 21667 | 450 |
3 | "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Гүлдер" Алға балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | 34027 | 450 |
4 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №4 "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 280 | 19778 | 450 |
5 | "ҚасиетАБИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 180 | 19354 | 450 |
6 | "НұрБалаБи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 161 | 19354 | 450 |
ауылдық жерде орналасқан | ||||
7 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз-ай" Тамды бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 20528 | 400 |
8 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны | 180 | 17866 | 400 |
9 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Маржанбұлақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 85 | 17204 | 400 |
10 | "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айналайын" "Тоқмансай балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны | 50 | 23583 | 400 |
11 | "Еркебұлан- Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 19354 | 400 |
12 | "Тәтті бала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 | 19354 | 400 |