Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 26.03.2021 № 127 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 100 "Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5990 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Қонжарға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Алға ауданының әкімі | М. Аккагазов |
Алға ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 127 қаулысына қосымша |
Алға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/ |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | ||
қалалық жерде орналасқан | ||||
1 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Еркетай" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 320 | 35065 | 450 |
2 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№2 "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 112 | 37557 | 450 |
3 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№3 "Гүлдер" Алға балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 60 | 81053 | 450 |
4 | "Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №4 "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 280 | 33866 | 450 |
5 | "Қасиет-АБИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 180 | 28800 | 450 |
6 | "НҰР БАЛА БИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 161 | 28800 | 450 |
ауылдық жерде орналасқан | ||||
7 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз-ай" Тамды бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 72113 | 400 |
8 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Болашақ" Бестамақ балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 156 | 38982 | 400 |
9 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Маржанбұлақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 80 | 38757 | 400 |
10 | "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айналайын" Тоқмансай бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 55803 | 400 |
11 | "Еркебұлан- Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 28800 | 400 |
12 | "ТӘТТІ БАЛА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 | 28800 | 400 |
13 | ЖУЛБАЕВ РУСТЕМ САМАТОВИЧ жеке кәсіпкер | 50 | 28800 | 400 |