Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 2-8-05/158 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округінің Алтай батыр ауылында мүйізді ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-171 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 10.11.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | А. Махан |