Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 9 "Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қарашада № 7633 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Сартоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 9 "Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6471 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      3 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:".

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Сартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      А. Махан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады