Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 23.07.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 2-10-3/282 ұсынысы негізінде, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Бұлақ ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ж. Альбетов |