"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-11-3/98 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы "Бұлақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы № 32 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6564 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Есибеков |