Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.11.2020 № 565 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5528, 2017 жылы 15 маусымдағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы:
"1. Жалпы ережелер" тарауындағы
2 тармақтың 1) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы Шалқар аудандық бөлімі "бұдан әрі- уәкілетті ұйым);"
"2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және көмектің мөлшерлері" тарауының мемлекеттік тілдегі нұсқасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу";
9 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын:
10 тармақтың 7) тармақшасындағы:
"60000 (алпыс мың)" сөздері "140000 (бір жүз қырық мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
10 тармақтың 9) тармақшасындағы:
"60000 (алпыс мың)" сөздері "140000 (бір жүз қырық мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
13 тармақтың 1) тармақшасындағы:
"100000 (бір жүз мың)" сөздері "300000 (үш жүз мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
13 тармақтың 2) тармақшасындағы:
"50000 (елу мың)" сөздері "100000 (бір жүз мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
13 тармақтың 3) тармақшасындағы:
"30000 (отыз мың)" сөздері "100000 (бір жүз мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
13 тармақтың 4) тармақшасындағы:
"15000 (он бес мың)" сөздері "50000 (елу мың)" сөздерімен ауыстырылсын:
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
М. Ержанов |
Шалқар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
Ж. Былқайыр |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы |
|
______________ Қ. Утаров | |
"___" ________ 2019 жылғы |