Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 маусымда № 5528 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.11.2020 № 565 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы
А. Қожаниязов
      Шалқар аудандық
мәслихаттың хатшысы
С. Бигеев
      Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Қ. Отаров

  Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 шешімімен бекітілген

Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) " Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Шалқар ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      5) мереке күндерi- Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      7) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) мемлекеттiк мекемесi;

      9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 462 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Шалқар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Жұмыспен қамту бөлімімен Үлігілік қағидаларға және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.

      5. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiніледі.

      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесі:

      Жеңіс күні – 9 мамыр ;

      Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу

      Ескерту. 2 тарауының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2019 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге төлемдердің толық өтелуіне;

      2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      3) алып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2019 № 356 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімге сәйкес, жылына 6 (алты) айға дейіңгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.02.2020 № 428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 462 (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкiне зиян келтiру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100000 (жүз мың) тенгеге дейінгі шекте;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;

      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      7) көп балалы отбасыларға, 140000 (бір жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;

      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      9) аз қамтылған азаматтарға, 140000 (бір жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;

      10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;

      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.02.2020 № 428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-ІV "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында қарастырылған негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің "бір еселік" мөлшерінен аспауы негiздеме болып табылады;

      12. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      13. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      9 Мамыр - Жеңіс күніне орай:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 30000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде ;

      6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      қазан айының екінші жексенбісі-Мүгедектер күніне орай:

      7) мүгедектерге, 30000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      8) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 13 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.05.2019 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.02.2020 № 428 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.05.2020 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      13-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:

      1) табыстарын есепке алмай, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-анаға (әр адамға) әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) табыстарын есепке алмай, амбулаториялық ем алушы онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тізімі негізінде;

      3) табыстарын есепке алмай, үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге уәкілетті органның тізімі негізінде;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларын қоспағанда, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаған жағдайда аз қамтылған отбасыларына қала, ауылдық округ әкімдері берген тізімдері негізінде.

      Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.

      Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.

      Ескерту. Қағидалар 13-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 08.04.2020 № 462 шешімімен (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 474 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, аудандық әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қалалық, ауыл, ауылдық округтың әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар;

      Ескерту. 16 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Осы Қағидалардың 9 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 9 тармағының 2) тармақшасы бойынша өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) мүгедектігі туралы анықтама;

      3) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);

      5) психолого-медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);

      Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 19.02.2020 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

      Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      23. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      27. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Шалқар аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      29. Әлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шалқар ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      30. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.

  Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1 қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ ________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы













      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы

      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________

            (қолы)

  Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2 қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _________

      ______________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.___________________________

      2. Тұратын мекенжайы_______________________________

      _______________________________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай


























      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ___ адам.

      Балалардың саны: ______________________________________________

      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне       теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________

             5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):

             _______________________________________________________________


      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________


       Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына




















            6. Мыналардың:

            автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

            _______________________________________________________________

            ________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________


            7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________


            8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________


            10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ________

            _______________________________________________________________


      Комиссия төрағасы:

            ________________________ ________________________


      Комиссия мүшелері:

            ________________________ ________________________

            ________________________ ________________________

            ________________________ ________________________

            ________________________ ________________________

            (қолдары)             (Т.А.Ә.)


      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

            Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні

            _______________________________________________________________

            (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3 қосымша

Учаскелік комиссияның № _____ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      _______________________________________________________________

            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      _______________________________________________________________

            (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________


      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

       __________________ _______________________

            __________________ _______________________

            __________________ _______________________

            (қолдары) (Т.А.Ә.)


      Қорытынды

            қоса берілген құжаттармен ___ данада

            20__ ж. "___" ___________ қабылданды

            Құжаттарды қабылдаған ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

  Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 шешіміне қосымша

Шалқар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған

      1) Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылдың 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4723 болып тіркелген, 2016жылғы 29 ақпандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылдың 11 сәуірдегі № 15 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4866 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырдағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі;

      3) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылдың 10 маусымдағы № 23 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4976 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі;

      4) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылдың 29 тамыздағы № 44 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5085 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі;

      5) Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылдың 17 ақпандағы № 88 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Шалқар аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5341болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурыздағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады