Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 167 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 329 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 19 қарашада № 5302 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11-68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 15.11.2023 № 11-68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелген, 2018 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1-тармақшасы және 7-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға";

      "7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 400 айлық есептік көрсеткіш;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 26 айлық есептік көрсеткіш;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      6) әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 500 айлық есептік көрсеткіш, бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде;

      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде – отбасына 200 айлық есептік көрсеткіш;

      8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар –15 айлық есептік көрсеткіш;

      9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар – 15 айлық есептік көрсеткіш;

      10) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалары бар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылар - 5 айлық есептік көрсеткіш.

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін басшылыққа алады.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 28 марта 2018 года № 167 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган"

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 11 ноября 2019 года № 329. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 19 ноября 2019 года № 5302. Утратило силу решением маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 15 ноября 2023 года № 11-68

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Талдыкорган области Жетісу от 15.11.2023 № 11-68 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Талдыкорганского городского маслихата от 28 марта 2018 года № 167 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4644, опубликован 28 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1 пункта 2 и пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения";

      "7. Перечень категорий получателей и предельные размеры социальной помощи:

      1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 400 месячных расчетных показателей;

      2) лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      3) лица, приравненные по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      4) другие категории лиц, приравненные по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны – 26 месячных расчетных показателей;

      5) граждане имеющие социально значимые заболевания, без учета доходов семьи – 5 месячных расчетных показателей;

      6) дети-сироты и дети оставшиеся без попечения родителей обучающиеся на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан без учета доходов, малообеспеченные семьи, имеющие в составе обучающихся детей на дневных отделениях в организациях высшего, технического и профессионального, после среднего образования Республики Казахстан, со среднедушевым доходом, не превышающим величину прожиточного минимума, установленного по области, предшествовавшем кварталу обращения за назначением социальной помощи – 500 месячных расчетных показателей в пределах средств, предусмотренных бюджетом на текущий финансовый год;

      7) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара – 200 месячных расчетных показателей на семью;

      8) лица, освобожденные из мест лишения свободы – 15 месячных расчетных показателей;

      9) лица, состоящие на учете службы пробации – 15 месячных расчетных показателей;

      10) многодетные семьи, получающие государственную адресную социальную помощь, в которых дети посещают дошкольные организации - 5 месячных расчетных показателей.

      Ежемесячная социальная помощь участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 3 месячных расчетных показателей.

      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области.

      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются перечнем категорий получателей социальной помощи".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Талдыкорганского городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдению прав граждан, окружающей среды и законности".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.