Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | М.Битеміров |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Ғ.Ташқараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыз № 47/382-6с шешіміне қосымша |
Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Шымкент қаласы мәслихатымен (бұдан әрі - Мәслихат) өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Ортақ су пайдалануға:
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Ескерту. 6-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Шымкент қаласының әкімдігі Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес белгілейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).9. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
10. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Мәслихат шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Ескерту. 12-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Ескерту. 13-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).14. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).16. Су пайдаланушы Мәслихаттан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 14-1/549 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7230 тіркелген) бекітілген Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтау;
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Ескерту. 17-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Ескерту. 18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).19. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Шымкент қаласының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын мынадай жерлер айқындалсын:
Бадам өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;
Сайрам-су өзенінің қала аумағында (Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;
Текесу су қоймасы;
Ақжар су қоймасы;
Шымкент магистралды каналының қала аумағында (Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;
Янги-шек каналының қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;
Қарасу өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;
өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби аудандары) орналасқан барлық арналары;
Қайнарбұлақ жасанды көлі;
Азат каналы;
Көкбұлақ каналы;
Хауау каналы;
Сасық каналы."
Ескерту. Қосымша 19-тармақпен толықтырылды – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).