"Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 мамырдағы № 16/143-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 маусымда № 28412 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Шымкент қаласы мәслихатымен (бұдан әрі - Мәслихат) өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.";

      6-тармақтың 2) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Шымкент қаласының әкімдігі Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес белгілейді.";

      10, 11 -тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

      11. Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.";

      12, 13-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14, 15, 16-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      16. Су пайдаланушы Мәслихаттан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.";

      17, 18-тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Шымкент қаласының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын мынадай жерлер айқындалсын:

      Бадам өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Сайрам-су өзенінің қала аумағында (Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Текесу су қоймасы;

      Ақжар су қоймасы;

      Шымкент магистралды каналының қала аумағында (Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Янги-шек каналының қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Қарасу өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;

      өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Қайнарбұлақ жасанды көлі;

      Азат каналы;

      Көкбұлақ каналы;

      Хауау каналы;

      Сасық каналы.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады