Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы

Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 27 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы М.Битеміров
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев

  Шымкент қаласы
мәслихатының 2019 жылғы
29 наурыз № 47/382-6с
шешіміне қосымша

Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Шымкент қаласы мәслихатымен (бұдан әрі - Мәслихат) өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

      3) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      Ескерту. 6-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Шымкент қаласының әкімдігі Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес белгілейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      10. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Мәслихат шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      Ескерту. 12-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 13-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Мәслихат кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Су пайдаланушы Мәслихаттан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 14-1/549 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7230 тіркелген) бекітілген Су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтау;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      Ескерту. 17-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

      Ескерту. 18-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Шымкент қаласының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын мынадай жерлер айқындалсын:

      Бадам өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Сайрам-су өзенінің қала аумағында (Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Текесу су қоймасы;

      Ақжар су қоймасы;

      Шымкент магистралды каналының қала аумағында (Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Янги-шек каналының қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Қарасу өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары) орналасқан барлық арналары;

      өзеннің бастауын қоспағанда, Қошқар ата өзенінің қала аумағында (Абай, Әл-Фараби аудандары) орналасқан барлық арналары;

      Қайнарбұлақ жасанды көлі;

      Азат каналы;

      Көкбұлақ каналы;

      Хауау каналы;

      Сасық каналы."

      Ескерту. Қосымша 19-тармақпен толықтырылды – Шымкент қаласы мәслихатының 20.05.2022 № 16/143-VII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об установлении Правил общего водопользования в городе Шымкент

Решение Шымкентского городского маслихата от 29 марта 2019 года № 47/382-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 3 апреля 2019 года № 27

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Установить Правила общего водопользования в городе Шымкент согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Шымкентский региональный центр правовой информации-филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      4) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Шымкент М.Битемиров
      Секретарь маслихата
      города Шымкент Г.Ташкараев

  Приложение
к решению маслихата
города Шымкент
от 29 марта 2019 года
№ 47/382-6с

Правила общего водопользования в городе Шымкент

      Сноска. Заголовок приложения – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила общего водопользования в городе Шымкент (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 38 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс), Типовыми правилами общего водопользования (далее – Типовые правила), утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 19-1/252 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11434) и определяют порядок установления маслихатом города Шымкент (далее – Маслихат) правил общего водопользования с учетом особенностей региональных условий.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Общее водопользование осуществляется для удовлетворения нужд населения без закрепления водных объектов за отдельными физическими или юридическими лицами и без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Не допускается ограничение физическими и юридическими лицами доступа населения к водным объектам общего водопользования путем установления заграждений, охранных пунктов, запрещающих знаков, за исключением случаев, предусмотренных Кодексом.

      5. Общее водопользование может быть ограничено или запрещено в целях экологической, технической и санитарно-эпидемиологической безопасности населения.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. К общему водопользованию относится пользование водными объектами:

      1) для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей;

      2) для рекреационных целей, массового отдыха, туризма и спорта, за исключением водных объектов, представляющих потенциальную селевую опасность;

      3) для водопоя скота.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным решением маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей забор воды из поверхностных источников осуществляется без применения сооружений или технических устройств, влияющих на состояние вод.

      8. Места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях устанавливаются акиматом города Шымкент в соответствии с пунктом 8 Типовых правил.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Использование водных объектов для водопоя скота допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      10. Маслихат в ходе очередной или внеочередной сессии маслихата в целях охраны жизни и здоровья граждан, с учетом особенностей региональных условий, правилами общего водопользования определяет места, где не осуществляются купание, забор воды для питьевых и бытовых нужд, водопой скота, катание на плавучих средствах на водных объектах, расположенных на территории города Шымкент.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Акимат города Шымкент осуществляет информирование населения о состоянии водных объектов, систем водоснабжения и водоотведения, находящихся на соответствующей территории.

      Сноска. Пункт 11 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, в соответствии с пунктом 3 статьи 67 и пунктом 4 статьи 68 Кодекса объявляет об условиях или запрете общего водопользования, если иное не установлено решением Маслихата.

      Сноска. Пункт 12 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Для объявления условий или запрета общего водопользования, водопользователь, осуществляющий обособленное или совместное водопользование, вносит в Маслихат предложение с обоснованием необходимости установления условий или запрета общего водопользования.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Маслихат в ходе очередной или внеочередной сессии принимает соответствующее решение по установлению условий или запрета общего водопользования и направляет его водопользователю в течение трех рабочих дней.

      Сноска. Пункт 14 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Объявленные условия или запреты общего водопользования не должны ограничивать осуществления общего водопользования для удовлетворения хозяйственно-питьевых целей.

      Сноска. Пункт 15 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. После получения положительного решения от Маслихата, водопользователь через средства массовой информации, а также посредством специальных информационных знаков обеспечивает оповещение населения о недопущении купания и других условиях осуществления общего водопользования.

      Сноска. Пункт 16 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. При использовании водных объектов для общего водопользования физическим и юридическим лицам необходимо:

      1) бережно использовать водные объекты;

      2) соблюдать установленный Режим использования водных объектов и источников питьевого водоснабжения, утвержденный приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 14-1/549 (зарегистрирован в Рестере государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7230);

      3) соблюдать меры безопасности при проведении культурных, спортивных и иных мероприятий на водных объектах;

      4) поддерживать водные объекты и прилегающую территорию в соответствующем санитарным нормам состоянии, не засорять бытовыми, строительными и другими отходами, своевременно осуществлять мероприятия по предупреждению и устранению захламления прилегающей территории.

      Сноска. Пункт 17 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) загрязнение и засорение водного объекта;

      2) стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      3) купание в местах, где не выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      4) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      5) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      6) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      7) оставление на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.

      Сноска. Пункт 18 – в редакции решения маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      19. В целях охраны жизни и здоровья граждан, определить следующие места на водных объектах, расположенных на территории города Шымкент, где не осуществляются купание, катание на плавучих средствах:

      все русла реки Бадам, расположенные на территории города (Абайский, Аль-Фарабийский, Енбекшинский районы);

      все русла реки Сайрам-су, расположенные на территории города (Енбекшинский, Каратауский районы);

      водохранилище Текесу;

      водохранилище Акжар;

      все русла Шымкентского магистрального канала, расположенные на территории города (Аль-Фарабийский, Енбекшинский, Каратауский районы);

      все русла канала Янги-шек, расположенные на территории города (Абайский, Аль-Фарабийский, Енбекшинский, Каратауский районы);

      все русла реки Карасу, расположенные на территории города (Абайский, Аль-Фарабийский, Енбекшинский районы);

      все русла реки Кошкар – ата, расположенные на территории города (Абайский, Аль-Фарабийский районы), за исключением истока реки;

      искусственное озеро Кайнарбулак;

      канал Азат;

      канал Кокбулак;

      канал Хауау;

      канал Сасык.

      Сноска. Приложение дополнено пунктом 19 в соответствии с решением маслихата города Шымкент от 20.05.2022 № 16/143-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).