"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 137 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 4266 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 12.10.2020 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 185 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3528 болып тіркелген, 2017 жылдың 29 қыркүйегінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ________
№____ қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "31" тамыздағы
№ 185 қаулысымен бекітілген

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15136 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық поштаға жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін порталға электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған ұсынысты беру;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынысты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай іс-қимылдарды:

      ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді;

      ұсыныстың осы субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді;

      ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады;

      Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің оң шешімі негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде порталда электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы арасында субсидиялау шарты жасалады;

      4) көрсетілетін қызметті алушы порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмасын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидия аудару туралы хабарламаны не Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.

      6. Келесі ресімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету ресімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ұсынысты тіркеу туралы хабарлама;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсыныстың тексерілген нәтижесіне және шешіміне қол қоюы;

      3) оң шешім қабылдаған жағдайда субсидиялау шартының жасалуы;

      4) жасалған шартқа сәйкес, порталда субсидиялауға өтінім жолдауы;

      5) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, субсидиялау туралы өтінімнің расталуы;

      6) субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмасын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылуы;

      7) субсидия аудару немесе уәжді бас тарту туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау осы регламенттің 1 қосымшасында "Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында" келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі және парольдың (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;

      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталға жеке сәйкестендіру нөмірін және бизнес-сәйкестендіру нөмірін және парольды енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 1 шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес–сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

      5) 3 үдеріс –көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажетті құжаттардың көшірмелерін тіркеу, сондай-ақ тұтынушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігін таңдауы;

      6) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай–ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес сәйкестендіру нөмірі арасындағы) сәйкестігін тексеру;

      7) 4 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;

      8) 5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) порталға жолдау;

      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін 30 (отыз) минут ішінде алуы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында (http://ush.zhambyl.kz) орналастырылады.

  "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге
арналған шығындарын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер

     


  "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
ооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге
арналған шығындарын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдары диаграммасы

     


Шартты белгілер:

     


О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 31 августа 2017 года № 185 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов"

Постановление акимата Жамбылской области от 17 июня 2019 года № 137. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 19 июня 2019 года № 4266. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 12 октября 2020 года № 226

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылской области от 12.10.2020 № 226 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Жамбылской области от 31 августа 2017 года № 185 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером № 3528, опубликовано 29 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      регламент государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов", утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;

      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области М. Шукеева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Мырзахметов

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от "__" ______ 2019 года №___
  Утверждено постановлением
акимата Жамбылской области
от "31" августа 2017 года № 185

Регламент государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов" (далее – государственная услуга) в соответствии со стандартом государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов", утвержденного приказом заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан-Министр селького хозяйства Республики Казахстан от 10 марта 2017 года № 115 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казакстан 23 мая 2017 года № 15136) (далее - стандарт) оказывается коммунальным государственным учреждением "Управление сельского хозяйства акимата Жамбылской области" (далее-услугодатель).

      Прием заявок и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (полностью автоматизированная).

      3. Результат оказания государственной услуги – уведомление о перечислении субсидии либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта.

      Услугополучателю направляется уведомление о результате оказания государственной услуги в форме электронного документа, согласно приложениям 1 и 2 к стандарту. Уведомление направляется на адрес электронной почты, указанный услугополучателем при регистрации в информационной системе субсидирования.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги - электронная.

      2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является представление услугополучателем документов указанный в пункте 9 Стандарта на портал в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) подача предложения услугополучателем подтвержденная электронной цифровой подписью;

      2) ответственный исполнитель услугодателя с даты получения предложения в течение 3 (трех) рабочих дней осуществляет:

      регистрацию предложения в информационной системе субсидирования;

      проверку соответствия предложения условиям субсидирования;

      принятие и оформление решения по предложению подписывается электронной цифровой подписью руководителя услугодателя;

      формирует мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта;

      3) на основании о положительном решении услугодателя в течении 5 (пяти) рабочих дней заключается Договор субсидирования между услугополучателем в электронной форме на портале;

      4) услугополучатель с использованием электронной цифровой подписи формирует на портале заявку на субсидирование;

      5) ответственный исполнитель услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня подтверждает принятие заявки на субсидирование путем подписания с использованием электронной цифровой подписи;

      6) отдел финансирования услугодателя в течение 1 (одного) рабочего дня формирует в информационной системе субсидирования платежные поручения на выплату субсидий, загружает в информационную систему "Казначейство-Клиент" для перечисления субсидий на банковский счет услугополучателя;

      7) ответственный исполнитель услугодателя формирует уведомление о перечислении субсидий либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта.

      6. Результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) уведомления о регистрации предложения в информационной системе субсидирование;

      2) подписание руководителем услугодателя о результате проверки соответствия и решении предложения;

      3) при положительном решении заключается договор субсидирование;

      4) согласно заключенному договору, на портале подает заявку на субсидирования;

      5) подтверждение о принятии заявки на субсидирование путем подписания с использованием электронной цифровой подписи;

      6) формирование в информационной системе субсидирования платежные поручения на выплату субсидий;

      7) уведомление о перечислении субсидии либо мотивированный отказ.

      3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственный исполнитель услугодателя;

      2) руководитель услугодателя;

      3) отдел финансирования услугодателя.

      8. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия) приведено в Приложении 1 к настоящему Регламенту "справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги".

      4. Описание порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      9. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал:

      1) услугополучатель осуществляет регистрацию на портале с помощью индивидуального идентификационного номера, бизнес–идентификационного номера и пароля (осуществляется для незарегистрированных получателей на портале);

      2) процесс 1 – ввод услугополучателем индивидуального идентификационного номера и бизнес–идентификационного номера и пароля (процесс авторизации) на портале;

      3) условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном услугополучателе через индивидуальный идентификационный номер, бизнес–идентификационный номер и пароля;

      4) процесс 2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя;

      5) процесс 3 – выбор услугополучателем услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) с учетом ее структуры и форматных требований, прикрепление к форме запроса необходимых копий документов в электронном виде, указанных в пункте 9 стандарта, а также выбор потребителем регистрационного свидетельства электронной цифровой подписи для удостоверения (подписания) запроса;

      6) условие 2 – проверка на портале срока действия регистрационного свидетельства электронной цифровой подписи и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных (между индивидуальным идентификационным номером и бизнес–идентификационным номером, указанным в запросе, и индивидуальным идентификационным номером и бизнес–идентификационным номером, указанным в регистрационном свидетельстве электронной цифровой подписи);

      7) процесс 4 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с не подтверждением подлинности электронной цифровой подписи услугополучателя;

      8) процесс 5 – направление электронного документа (запроса услугополучателя), удостоверенного (подписанного) электронной цифровой подписью услугополучателя в портал;

      9) процесс 6 – получение услугополучателем результата услуги, сформированного порталом в течение 30 (тридцати) минут.

      Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги и порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги отражается в "справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги" согласно приложению 2 к настоящему регламенту.

      Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги размещается на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области (http://zhambyl.gov.kz) и на официальном сайте услугодателя (http://ush.zhambyl.kz).

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование затрат ревизионных
союзов сельскохозяйственных кооперативов
на проведение внутреннего аудита
сельскохозяйственных кооперативов"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги через портал

     


Условные обозначения:

     


  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование затрат ревизионных
союзов сельскохозяйственных кооперативов
на проведение внутреннего аудита
сельскохозяйственных кооперативов"

Функциональные взаимодействия при оказании электронной государственной услуги через портал электронного правительства

     


Условные обозначения: