Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 226 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қазанда № 4761 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 226 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 124 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3075 болып тіркелді, 2016 жылдың 2 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4153 болып тіркелді, 2019 жылдың 9 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3085 болып тіркелді, 2016 жылдың 1 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3084 болып тіркелді, 2016 жылдың 1 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3068 болып тіркелді, 2016 жылдың 25 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі №129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4123 болып тіркелді, 2019 жылдың 11 наурызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2782 болып тіркелді, 2015 жылдың 24 қазанында "Ақ жол" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 203 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 болып тіркелді, 2019 жылдың 11 наурызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелді, 2019 жылдың 15 тамызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3489 болып тіркелді, 2017 жылдың 27 шіілдесінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4274 болып тіркелді, 2019 жылдың 22 шіілдесінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 201 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2780 болып тіркелді, 2015 жылдың 27 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      13. "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 болып тіркелді, 2018 жылдың 19 шіілдесінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4377 болып тіркелді, 2019 жылдың 4 қарашасында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағыі № 218 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2788 болып тіркелді, 2015 жылдың 27 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      16. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы №218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4333 болып тіркелді, 2019 жылдың 25 қыркүйегінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3527 болып тіркелді, 2017 жылдың 27 қыркүйегінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      18. "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2783 болып тіркелді, 2015 жылдың 24 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      19. "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3443 болып тіркелді, 2017 жылдың 22 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      20. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелді, 2019 жылдың 22 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      21. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2968 болып тіркелді, 2016 жылдың 25 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      22. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4347 болып тіркелді, 2019 жылдың 4 қазанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      23. "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелді, 2019 жылдың 23 шілдеде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      24. "Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелді, 2019 жылдың 21 қазанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      25. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 болып тіркелді, 2016 жылдың 22 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      26. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 37 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 156 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4283 болып тіркелді, 2019 жылдың 1 тамызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      27. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3528 болып тіркелді, 2017 жылдың 29 қыркүйегінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      28. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4266 болып тіркелген, 2019 жылдың 12 шілдеде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      29. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 92 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 болып тіркелген, 2019 жылдың 8 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      30. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2967 болып тіркелді, 2016 жылдың 30 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      31. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 67 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген, 2019 жылдың 16 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      32. "Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2937 болып тіркелді, 2016 жылдың 10 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      33. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 218 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4346 болып тіркелген, 2019 жылдың 4 қазанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      34. "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4154 болып тіркелген, 2019 жылдың 9 сәуірде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      35. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3713 болып тіркелген, 2018 жылдың 1 наурызында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      36. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 болып тіркелген, 2019 жылдың 16 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      37. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі-егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3259 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 желтоқсанында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады