"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 мамырда № 15136 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 408 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.12.2020 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 12 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 10 наурыздағы
№ 115 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.11.2018 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық поштаға жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦП) куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінім ұсынады.

      Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Портал арқылы электрондық өтініш жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсы "Қолдау және көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режімінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
  1-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті _______________________________________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша

      мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай себеппен______________________ бас

      тартылады.

  "Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша

      мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №____________ есептік шотыңызға

      20___ жылғы "__" _________ төлем тапсырмасымен ____________ теңге

      мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  "Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл
шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

      Кімнен ________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      кімге ___________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның толық атауы)

Өтінім

      Ауыл шаруашылығы кооперативінің тексеру одағының ауыл

      шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ________

      теңге сомасындағы шығындарын субсидиялауды сұраймын.

      1. Тексеру одағының деректері:

      Атауы _______________________________________________________

      Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН)____________________

      басшының аты, әкесінің аты, (бар болса), тегі ______________________

      мекенжайы ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі тексеру одағының ағымдағы шотының мәліметтері:

      БСН __________________________________________________________

      Бенефициардың коды (бұдан әрі - Кбе)______________________________

      Банк деректемелері ______________________________________________

      Банк атауы _____________________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ______________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды ________________________________________

      БСН _______________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізілгенін

      растайтын шот-фактура туралы мәліметтер:

      шот-фактура нөмірі ______________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      4. Ішкі аудит қорытындысынан мәліметтер:

      Ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН-сы

      ________________________________________________________________;

      ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы ________________________;

      қорытынды берілген күн ________________________________________;

      қорытындыдағы ішкі аудит пікірі (сөзсіз оң, шартты оң, теріс, пікір

      білдіруден бас тарту).

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын

      мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты

      жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойды және 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Басқарма 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00 қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қойылған күн мен уақыт


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады