Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 285 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-12 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 4448 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Халқының саны елу адамнан аспайтын жекелеген ауылдық округтердің ауылдары, олардың халқы мен аумақтары жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіліп, таратылсын.

      1) Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша:

      Ақбұлақ ауылдық округінің 98 разъезд ауылы Ақбұлақ ауылдық округінің Р. Сабденов ауылының құрамына;

      2) Сарысу ауданы бойынша:

      Байқадам ауылдық округінің Жарқұдық ауылы Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылының құрамына;

      Игілік ауылдық округінің Талас ауылы Игілік ауылдық округінің Өндіріс ауылының құрамына;

      3) Шу ауданы бойынша:

      Дулат ауылдық округінің Ақтасты ауылы Дулат ауылдық округінің Бөлтірік ауылының құрамына.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 15.06.2020 № 131 қаулысымен және Жамбыл облыстық мәслихатының № 47-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының сессия төрағасы Ж. Айтишев
      Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

Об упразднении некоторых населенных пунктов Жамбылской области

Постановление акимата Жамбылской области от 12 декабря 2019 года № 285 и решение Жамбылского областного маслихата от 12 декабря 2019 года № 41-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 19 декабря 2019 года № 4448.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнения представительных и исполнительных органов Турара Рыскулова, Сарысуского и Шуского районов акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Жамбылский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Упразднить села отдельных сельских округов, в которых численность населения менее пятидесяти человек, включив их население и территории в состав ближайшего населенного пункта.

      1) по району Турара Рыскулова:

      село 98 разъезд Акбулакского сельского округа в состав села Р. Сабденова Акбулакского сельского округа;

      2) по Сарысускому району:

      село Жаркудык Байкадамского сельского округа в состав села Жанаталап Жанаталапского сельского округа;

      село Талас Игиликского сельского округа в состав села Ондирис Игиликского сельского округа;

      3) по Шускому району:

      село Актасты Дулатского сельского округа в состав села Болтирик Дулатского сельского округа.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Жамбылской области от 15.06.2020 № 131 и решением Жамбылского областного маслихата от 15.06.2020 № 47-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Контроль за исполнением данного нормативного правового акта возложить на постоянную комиссию областного маслихата по вопросам развития агропромышленности, экологии и природопользования и на заместителя акима области М. Шукеева.

      3. Настоящий нормативный правовой акт вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылской области А. Мырзахметов
      Председатель сессии
      Жамбылского областного маслихата Ж. Айтишев
      Секретарь Жамбылского областного маслихата Б. Карашолаков