"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Халқының саны елу адамнан аспайтын жекелеген ауылдық округтердің ауылдары, олардың халқы мен аумақтары жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіліп, таратылсын.
1) Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша:
Ақбұлақ ауылдық округінің 98 разъезд ауылы Ақбұлақ ауылдық округінің Р. Сабденов ауылының құрамына;
2) Сарысу ауданы бойынша:
Байқадам ауылдық округінің Жарқұдық ауылы Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылының құрамына;
Игілік ауылдық округінің Талас ауылы Игілік ауылдық округінің Өндіріс ауылының құрамына;
3) Шу ауданы бойынша:
Дулат ауылдық округінің Ақтасты ауылы Дулат ауылдық округінің Бөлтірік ауылының құрамына.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 15.06.2020 № 131 қаулысымен және Жамбыл облыстық мәслихатының № 47-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының сессия төрағасы | Ж. Айтишев |
Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |