"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 285 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4448 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен шешімнің 1-тармағының 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Байқадам ауылдық округінің Жарқұдық ауылы Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылының құрамына;".
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары Б. Нығмашевке жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Карашолаков |