Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.12.2020 № 66-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қосымшаның атауы орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде қосымшаның атауы өзгеріссіз қалдырылады;
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
7 тармақтың 2) тармақшасы 2.4. абзацпен толықтырылсын:
"2.4. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққан күніне 30 жыл толуына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде көрсетілсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Джузанов |
Тараз қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |