Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 4852 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №7-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.09.2023 №7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес,Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихаты сессиясының төрағасы К. Жетибаев
      Тараз қалалық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы Ж. Жексембиев

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 66-8 шешіміне 1 қосымша

Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      2. Әлеуметтік көмек Тараз қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) СМ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Тараз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) уәкілетті орган – "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы;

      9) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Тараз қалалық әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақбұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына -100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына -100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

       Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға- 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 -1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға -150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      15 ақпан-Ауғанстан Демократиялық Республикасынан әскерилердің шектеулі контингенті шығарылған күніне:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге қызметшiлерiне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:

      азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 16.01.2023 № 22-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 04.05.2023 № 3-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      8. Бір реттік әлеуметтік көмек өтініштері бойынша адамдардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге арналған шығындардың жолдама құны мөлшерінде, бірақ 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтеу, жол шығыны төлемінсіз;

      жасы бойынша зейнеткерлерге санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөрістің бір еселенген мөлшерінен аспайтын, санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды жол шығыны төлемінсіз ұсынған жағдайда, өтініш берушінің нақты шығындарынан кем емес жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға, босатылған күннен бастап үш ай ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі үш еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, бір еселенген ең төменгі күнкөріс мөлшерінде;

      азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда арнайы комиссияның қорытындысы негізінде екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал туралы өтініш беру мерзімі осы жағдай туындаған күненен бастап алты ай ішінде.".

      Ескерту. 8 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 16.01.2023 № 22-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8-1. Бір реттік әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, босатылған күннен бастап 3 (ай) ішінде тоқсан алдындағы тоқсандық кірісі 3 (үш) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспаған жағдайда, 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөрiс деңгейінде көрсетіледі.

      8.2. Еңбек ардагерлеріне шипажайлық-курорттық емдеу шаралары өтінішке сәйкес, тиісті куәлікті ұсынғаннан кейін көрсетілсін.

      9. Жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің оқу ақысын төлеу үшін, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы қала бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында студенттері бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінен кем емес.

      10. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      туберкулез ауруымен амбулаториялық жағдайда ем жалғастыру мерзіміне ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, бір күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын аурумен ауырған кәмелетке толмаған балаларға орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бес еселік мөлшерінен аспайтын, республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.

      жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселік күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша:

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      қандастарға;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға;

      толық емес отбасыларға.".

      Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеген кезде кәсіпкерлік қызметтен түскен және де өзін-өзі жұмыспен қамтушының табыстары айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.

      Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 16.01.2023 № 22-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10.1. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын аурумен ауырған кәмелетке толмаған балаларға ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде мерзімді (ай сайын) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.

      Ескерту. 10.1 - тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 20.04.2022 № 14-3 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Әлеуметтік көмек 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде мұқтаж адамдарға қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем бойынша шығындарын өтеу ай сайын ұсынылады:

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселенген мөлшерінен аспайтын орташа табысы бар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы Жамбыл облысы бойынша белгіленген тоқсандағы үш күнкөріс деңгейінен аспайтын орташа табысы бар "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғандар немесе бұрындары "Батыр ана" атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға, нашар көретін екінші топ мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар, мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін және (немесе) оқитын мүгедектігі бар балалар, білім беру кезеңінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында жатқан балаларға білім алу кезеңінде.

      Ескерту. 11 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 16.01.2023 № 22-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселенген мөлшерінен аспайтын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне байланыс қызметі (абоненттік төлем) мен табиғи газ төлемі шығындарын төлеуге 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек мерзімді ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. 12 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 16.01.2023 № 22-2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Тараз қаласы әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      жеке басын куәландыратын құжатпен;

      адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдықжағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған.

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Тараз қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      26. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Тараз қаласы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 66-8 шешіміне 2 қосымша

Тараз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3626 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында жарияланған).

      2. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы № 36-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 18 қазанында жарияланған).

      3. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4113 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 26 ақпанында жарияланған).

      4. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 42-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 26 ақпанында жарияланған).

      5. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 43-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 04 сәуірініде жарияланған).

      6. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 46-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4255 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 11 маусымында жарияланған).

      7. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 57-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4605 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 12 мамырында жарияланған).

      8. "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 61-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 03 қыркүйегінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады