Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 08.04.2020 № 169 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Меркі ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 355 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3667 болып тіркелген, 2018 жылдың 18 қаңтарында электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурызындағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 116 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген 2018 жылдың 27 сәуірінде электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Меркі ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.
5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбек |
Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 164 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымдардың атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 79 | 2% | 1 |
2 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 3 % | 3 |
3 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 13 М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 94 | 2% | 2 |
4 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Сыпатай Әлібекұлы атындағы № 19 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 82 | 2% | 2 |
5 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Т. Рысқұлов атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 173 | 3% | 5 |
6 | Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 44 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 2% | 2 |
барлығы | 645 | 15 |