"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 355 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 116 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 3785 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 164 қаулысымен

      Ескерту. Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігігінің 20.05.2019 № 164 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 355 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3667 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда "Меркі ақиқат" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірбеков

  Меркі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 30 наурыз
№116 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Сыпатай Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

50

2%

1

2

"Олжа" шаруа қожалығы

50

2%

1

3

Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№7 А.Тұрғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2%

2

4

Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№22 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2%

1

5

Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№14 М.Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98

2%

2

6

Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№12 Қ.Сарымолдаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2%

1

7

Меркі аудан әкімдігінің білім бөлімінің "№16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2%

2


Барлығы



10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады