2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 169 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 4546 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №164 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылдың 27 мамырындағы № 4249 болып тіркелген, 2019 жылдың 31 мамырындағы электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      3. Меркі ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі ауданының әкімі М. Өмірбек

  Меркі ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 8 сәуірдегі № 169
қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың атауы

Жыл басын дағы қызмет керлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлер дің тізімдік санынан %)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

178

3%

5

2

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ә Хасенов атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

81

2%

2

3

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

178

3%

5

4

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№48 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

133

3%

4


барлығы

570


16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады