Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.03.2020 № 18/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 462 "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17567 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 "Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда № 107 (21858) "Индустриальная Караганда", № 122 (22 007) "Орталық Қазақстан", 2015 жылғы 4 тамызда газеттерінде, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11047 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады (бұдан әрі-стандарт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2) үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 "Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |