Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.05.2020 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11047 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:
мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша" |
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1)құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда);
2)үйде жеке тегін оқыту туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушының ата-аналары (заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы (еркін нысанда) өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты;
3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініштерді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде елтаңбалық мөрімен куәландырылған қағаз данасы қосымшасының электронды тасығышта ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е.Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
_______________
2018 жылғы "__" _________
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _________________ (көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
1) Сіз "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
___________________________________________________________;
(жоқ құжаттардың атауы)
2) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғанға байланысты (құжат және қолданылу мерзімін көрсету қажет) "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Алдым: _______________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
20____ жылғы "___"_________
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _________________ (көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
1) Сіз "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
___________________________________________________________;
(жоқ құжаттардың атауы)
2) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғанға байланысты (құжат және қолданылу мерзімін көрсету қажет) "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Алдым: _______________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
20____ жылғы "___"_________
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _________________ (көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
1) Сіз "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
___________________________________________________________;
(жоқ құжаттардың атауы)
2) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғанға байланысты (құжат және қолданылу мерзімін көрсету қажет) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Алдым: _______________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
20____ жылғы "___"_________
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _________________ (көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
1) Сіз "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
___________________________________________________________;
(жоқ құжаттардың атауы)
2) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғанға байланысты (құжат және қолданылу мерзімін көрсету қажет) "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.