Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):
"Инфликсимаб" - "Ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозы бойынша;
"Олодатерол гидрохлориді/Тиотропия бромиді моногидрат" - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозы бойынша;
"Канакинумаб" - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы бойынша;
"Көктамыр ішіне енгізу үшін G Иммуноглобулин (адамдық қалыпты)" - "Аутоиммундық аурулар және иммундық жетіспеушілік жағдайлар" диагнозы бойынша".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Тілемісов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Өтешов |