Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мынадай дәрілік заттар тегін берілсін (рецепт бойынша):
"Спецификалық емес жаралы колит, Крон ауруы" - "Ведолизумаб" дәрілік заты;
"Ювенильді склеродерми" – "Тоцилизумаб" дәрілік заты.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Алтынбеков |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Өтешов |